“Мектепке дейінгі мекемелерде инклюзивтік білім беруді ұйымдастырудың тиімді жолдары” тақырыбында аудандық семинар-кейс өтті. Семинарға Бостандық ауданының білім бөлімінің бас маманы Муратова Шолпан Муратқызы және Бостандық ауданының мектепке дейінгі мекемелерінің педагог-психологтары қатысты. Семинардың ашылу салтанатында алғашқы сөз кезегін алған КМҚК №79 бөбекжай–балабақшасының меңгерушісі Ошанбекова Альмира Кабдыкаримовна келген қонақтарды семинардың өтілу барысымен таныстырды.
"Алтын күз" Мақсаты: Күз мезгілдерінің ерекшеліктерін ұғындыру. Мерекелік көңіл-күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой-қиялдарын дамыту.