Біз туралы » КГКП "Ясли сад №79"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№79 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші:
+7(727) 274-13-37
Әдіскер:
+7(727) 275-50-56
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Біз туралы
«Заң мен тәртіп» апталығы балабақшамызда!
19
тамыз
2026
«Заң мен тәртіп» апталығы балабақшамызда!
 Біздің кішкентай заңгерлеріміз заң мен тәртіптің маңыздылығын үйренді. Олар жол ережелерін сақтауды, достарымен тату болуды және үлкендерді құрметтеуді біледі. Біз бірге жарқын болашаққа жетеміз! 
Балаларымыздың жетістігі
17
тамыз
2026
Балаларымыздың жетістігі
I орын БІРІНШІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ II Республикалық «Абай әлемі — ғасырлармен үндескен ұлы үн» атты онлайн байқауы қорытындысы бойынша «Абай өлеңдері» номинациясында I орнымен марапатталады.
ҚР Жаңа халық Конститутциясы
26
маусым
2026
ҚР Жаңа халық Конститутциясы
26.06.2026 жылы балабақша ұжымымен Қазақстан Республикасының Жаңа халық Конституциясының жобасы талқыланды. Талқылау барысында Конституцияның негізгі қағидаттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қоғам мен мемлекеттің дамуына қатысты маңызды мәселелер қарастырылды. Балабақша ұжымы өз пікірлері мен ұсыныстарын білдіріп, Конституцияның халық игілігіне қызмет етуінің маңыздылығын атап өтті.
"Заң мен Тәртіп"
19
маусым
2026
"Заң мен Тәртіп"
«Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілету аясында 2026 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес  балабақша педагогтары мен қызметкерлері арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында заң талаптарын сақтау, құқықтық мәдениетті арттыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, еңбек тәртібін сақтау және құқық бұзушылықтарға жол бермеу мәселелері түсіндірілді. Қатысушыларға құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған ақпарат беріліп, сұрақтарына жауаптар ұсынылды.»
«Біздің сүйікті ертегіміз»
18
маусым
2026
«Біздің сүйікті ертегіміз»
Мақсаты: Балалардың ертегілерге деген қызығушылығын арттыру, көркем шығарманы мұқият тыңдап, мазмұнын түсінуге үйрету. Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалай білуге, өз ойын еркін жеткізуге, сөздік қорын және байланыстырып сөйлеу тілін дамыту. Кітапты ұқыпты ұстауға, достыққа, мейірімділікке және адамгершілікке тәрбиелеу.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 20 Вперед