Әдістемелік жұмыстар » КГКП "Ясли сад №79"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№79 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші:
+7(727) 274-13-37
Әдіскер:
+7(727) 275-50-56
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Әдістемелік жұмыстар
«Заң мен тәртіп» апталығы балабақшамызда!
19
тамыз
2026
«Заң мен тәртіп» апталығы балабақшамызда!
 Біздің кішкентай заңгерлеріміз заң мен тәртіптің маңыздылығын үйренді. Олар жол ережелерін сақтауды, достарымен тату болуды және үлкендерді құрметтеуді біледі. Біз бірге жарқын болашаққа жетеміз! 
ҚР Жаңа халық Конститутциясы
26
маусым
2026
ҚР Жаңа халық Конститутциясы
26.06.2026 жылы балабақша ұжымымен Қазақстан Республикасының Жаңа халық Конституциясының жобасы талқыланды. Талқылау барысында Конституцияның негізгі қағидаттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қоғам мен мемлекеттің дамуына қатысты маңызды мәселелер қарастырылды. Балабақша ұжымы өз пікірлері мен ұсыныстарын білдіріп, Конституцияның халық игілігіне қызмет етуінің маңыздылығын атап өтті.
"Заң мен Тәртіп"
19
маусым
2026
"Заң мен Тәртіп"
«Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілету аясында 2026 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес  балабақша педагогтары мен қызметкерлері арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында заң талаптарын сақтау, құқықтық мәдениетті арттыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, еңбек тәртібін сақтау және құқық бұзушылықтарға жол бермеу мәселелері түсіндірілді. Қатысушыларға құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған ақпарат беріліп, сұрақтарына жауаптар ұсынылды.»
«Біздің сүйікті ертегіміз»
18
маусым
2026
«Біздің сүйікті ертегіміз»
Мақсаты: Балалардың ертегілерге деген қызығушылығын арттыру, көркем шығарманы мұқият тыңдап, мазмұнын түсінуге үйрету. Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалай білуге, өз ойын еркін жеткізуге, сөздік қорын және байланыстырып сөйлеу тілін дамыту. Кітапты ұқыпты ұстауға, достыққа, мейірімділікке және адамгершілікке тәрбиелеу.
«Көңілді жаз – белсенді өмір»
15
маусым
2026
«Көңілді жаз – белсенді өмір»
Мақсаты:  Жазғы сауықтыру кезеңінде балалардың денсаулығын нығайту, дене белсенділігін арттыру, шапшаңдық, ептілік және төзімділік қасиеттерін дамыту, топпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, достық қарым-қатынасты нығайтып, көтеріңкі көңіл күй сыйлау.
"Мейірімді достарым!"
12
маусым
2026
"Мейірімді достарым!"
Мақсаты:  Достық, мейірімділік туралы түсініктерін кеңейту, адамгершілік қасиеттерін дамыту және достарын құрметтеуге тәрбиелеу. 
Тақырыбы: «Құмдағы сиқырлы бейнелер»
10
маусым
2026
Тақырыбы: «Құмдағы сиқырлы бейнелер»
Мақсаты: Балаларды құмға бейне жасау өнерімен таныстыру, шығармашылық қабілеттерін, қиялын және эстетикалық талғамын дамыту. Құммен жұмыс жасау арқылы ұсақ қол моторикасын жетілдіру, зейінін, ойлау қабілетін және өз ойын еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру. Шығармашылық жұмысқа қызығушылықтарын арттырып, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
«Құммен ойнаған бала – өз әлемін құрып, жан дүниесін емдейді».
09
маусым
2026
«Құммен ойнаған бала – өз әлемін құрып, жан дүниесін емдейді».
Құм терапиясы — баланың ішкі әлемімен жұмыс істеудің тиімді әрі табиғи тәсілі. Бала құммен ойнау барысында өз сезімдерін, ойларын және эмоцияларын еркін жеткізе алады. Кейде бала өз ойын сөзбен жеткізе алмағанымен, құм арқылы ішкі күйзелісін, қуанышын немесе қорқынышын бейнелейді. Құм терапиясы баланың шығармашылық қабілетін дамытып қана қоймай, оның ұсақ моторикасын, қиялын, зейінін және ойлау қабілетін жетілдіреді. Құмнан түрлі бейнелер мен композициялар жасау кезінде бала өзін қауіпсіз әрі